Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  99


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ақ гүл

Самал сүйіп, ай нұрына малынып,
Жас қайыңның жасыл бүрін жамылып.
Ақ махаббат-раушан гүлі көктеп тұр,
Үзіп алма жаңылып.
Ақ, ұлпа түн! Ей, асықпа сауыс таң!
Ғашықтар тұр еріннен бал ауысқан.
Қос құшақтың арасымен қауышқан,
Ұшып өтпе сауысқан!
Бір шеру бар қос өмірде күш атқан,
Бітпесін тек, қарыс жерде - үш аттам.
Жан гүлдерін оттай ыстық құшақтан,
Жұлып кетпе қыс - ақпан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу