Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  107


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сенің қарасың

Қарасын-ай, қарашы қарасына,
Шоқ тастайды-ау жүректің жарасына.
Бота көзі сүзіліп шашқан ұшқын,
Шарап болып бойыңа тарасы ма?
Ех, шіркін-ай, қарашы қарасына.
Жан пендеге бітпейтін қарас екен,
Жарқ еткені жұмақтан тамаша екен.
«Пері шығар,-деп қалсам көктен түскен»,
Қыр перзенті шопанның баласы екен.
Қарай түсші қас қақпай елжіреп бір,
Тебіреніп тереңнен көл дір етті.
Қарақаттай, ой, сенің қара көзің,
Тамып кете жаздап бір мөлдіреп тұр.
Бұл ғаламға бітпеген дара сынды,
Қайран жанар балқытқан қара шыңды.
Мың жыл жазып мың ақын тауыса алар ма,
Жалғыз рет жарқ еткен қарасыңды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу