Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  102


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сал ұйқы

Отау үйдің оң қанатын нұр қаптап,
Оңашада ару жатыр бұлғақтап.
Құмай төсті бүркеуге де бата алмай,
Шайы көрпе сусып түскен сырғақтап.
Қос анарды көтере ұстап жоғары,
От көкірек алау атып соғады.
Елік жанар зер кірпікпен бүркелген,
Ояу да емес, ұйықтаған да жоқ əлі.
Мас кербездік сал денені жия алмай,
Былқ-сылқ қалған ақ сазан тəн қиялдай.
Жанып жатыр өз қызуына өртеніп,
Бұла түннің құшағына сия алмай.
Аққу мойын, алшы иықта əр талы,
Қанат жайған қара бұрым тарқалып.
Саңылаудан созылып кеп Ай-жігіт,
Құс төсекке боз білегін артады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу