Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  83


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Шалқу

Ықпалы емес шайтан,
я құдайдың,
Мен құласам барып-барып құлаймын.
Мен жығылсам-кішіліктен жығылам,
Мен жыласам-қуаныштан жылаймын.
Мен зар емес, əн айтуға құмармын,
Бір жан ұқса, жайыңды мен ұғармын.
Мен жас болсам-еркелігім еліме,
Мен мас болсам-тек бақыттан шығармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу