Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  322


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Соңғы қоңырау

Есіңде ме ең алғашқы қоңырау,
Есіңде ме ең алғашқы қоңыр əн.
Тұтап қана тұлымшағың желбіреп,
Қарап қалған қайтқан ана соңынан.
Балғын едің, мүлде балдыр бөбек ең,
Балауса гүл, басталмаған өлең ең.
Құртақандай жүрегіңді құндақтап,
Сыңғыр - сыңғыр осынау үн бөлеген.
Жылдар өтті жылжып белден асырған,
Кекіл қалды, бантик қалды басыңнан.
Қияқ мұртты ұл, ақ көйлекті бойжеткен,
Аумайсыңдар жарқ еткен бір жасыннан.
Қиыспас дос, қимас ұстаз, парта қап,
Шақырады жаңа сапар, шартарап.
Аттанарсың ауылына арманның,
Соңғы қоңырау өсиетін арқалап.
Студенттік бал жылдарды сағынсаң,
Кітап ашып, көз ілмейтін түнімен.
Балалықтың бал жырларын сағынсаң,
Сағынарсың тек қоңырау үнімен.
Үңілдірген ұлылардың томына,
Гүл бітірген асыл арман жолыңа.
Сені əлдилер бұл ең соңғы қоңыр əн,
Бұл - ең соңғы қоңырау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу