Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  92


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

КазПИ

Алматыда бой көтерген таласа,
Комсомолдар көшесінде тамаша,
Бір орда бар саған да ыстық, маған да,
Алдында оның Алатау да аласа:
Бұл ордада бақыты бар талайдың,
Бұл ордада арманы бар ақ айдын.
Бұл ордада столы тұр Сəкеннің,
Бұл ордада есімі бар Абайдың.
Ғажап оның алау таңы атқаны,
Ғажап оның алтын күні батқаны.
Бөлмелерін ақ самайлар əлдилеп,
Ақ парақтар аударылып жатқаны.
Іздер болсаң ой да сонда, қыр сонда,
Тайырыңдай тасқындаған жыр сонда.
Мəлігіңдей бəйтеректер мəуелеп,
Сəрсеніңдей сан ғалымдар жүр сонда.
Шар тараптан тоғыса кеп жамырап,
Қанша шілік сая төкті тамыр ап.
Сан отауға өмір отын тұтатар,
Секілді бір үлкен қара шаңырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу