Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  138


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Өлгий оттары

Өлгийім - өлеңім,
Сені аңсап келемін.
Самала оттарың шақырады,
Көз тартып келбетің,
Бір əуен тербетіп,
Жұлдыздар етекте жатыр əні.
Су соғып жағаны,
Қобда өзен ағады.
Шағала қонақтап айдынына,
Қалаға арайлы,
Қызыға қарайды,
Бөкен тау шомылып ай нұрына.
Өлгийдің аспаны,
Хабарын бастады.
Басынан күй шалқып бағананың.
Жастықтың қаласы,
Достықтың қаласы,
Əз ұям, арналсын саған əнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу