Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  89


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Оралу

Сəлем, сəлем! Ескі көздер аман ба?
Жыл жүрсем де құшағыңа қанам ба?
Баптап қойған күреңіңді арытып,
Сақтап қойған сүр етіңді тəмамдап,
Жыл жүрсем де құшағыңа қанам ба?
Нəзік қолдар, кəрі жүздер қаусардай;
Мейірің неткен тəтті еді гаусардай.
Ақ періште, əжелер-ай, сыйыңның,
Кетемін-ау мың да бірін тауыса алмай.
...Жатыр сұлап бір қыраттан, бір қырат,
Шүу, кер бесті, баурыңды жаз, зырқыра,
Анау белде ақ көйлекті бір қыз тұр,
Бұрымынан жусан исі бұрқырап...
Шүу, кер бесті, баурыңды жаз, зырқыра!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу