Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  119


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бір ән салдым

Бір əн салдым жыл жүріп - ай,
Көңілімді білдіріп - ай.
Асқақ үнді төгілдіріп,
Жас жаныңды күлдіріп - ай.
Бір əн салдың жылатып - ай,
Жанардан жас құлатып - ай.
Қайтқан қазбен қатар ұшып,
Қайда кеттің, қуатым - ай?
Үнің қалып аспанымда - ай,
Ғайып болдың қас қағымдай - ай...
Бастамайтын əнім бе едің,
Жаңылысып бастадым ба - ай?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу