31.05.2022
  84


Автор: Ескен Елубаев

НЕНI ҰҚТЫМ?

Ертемен-ерте
Тұрдым-дағы,
Жақсылап беттi
Жудым-дағы,
Азаңғы асты
Iшiп алып,
Қолтыққа допты
Қысып алып,
Көшеге шығып,
Қарайладым.
Ойнайтын бала
Таба алмадым.
Асанға бардым
«Ойнайық» деп,
Ол айтты: «Қазiр
Қояйық», – деп,
«Атаммен бiрге
Шөп шабамын.
Кетуге содан
Жоқ амалым...»
Үсенге бардым,
Үй сыртына
Шақырып алдым
Ысқырдым да.
«Кез боп тұр, – дедi ол, –
Қырсық мына,
Үй iшi маған
Қыш құйдырмақ...»
Есенге барсам,
Шапқан олар
Қораға жатыр
Шөбiн жинап.
Сенделiп жүрмiн
Серiк болар,
Баланың бiр де
Жоғы қинап.
Үйiне барсам
Тұрсынқұлдың,
Əкесi менi
Ұрсып қуды:
«Көшеде құр бос
Сенделгенше,
Үйiңе болыс
Сен де елше!..»
Ойнайтын бала
Табылмаса,
Дедiм мен: «бекер
Сабылғанша,
Үйiме барып
Iс iстейiн.
Бiр жұмыс тауып
Кiрiсейiн...
Сол күнi менiң
Аңғарғаным;
Бiр өзiң, жеке
Көшенi кезген,
Жараспайды екен,
Таңғалғаным!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу