31.05.2022
  118


Автор: Ескен Елубаев

АҚЫЛДЫСЫ КIМ БОЛДЫ, АҚЫЛСЫЗЫ КIМ БОЛДЫ?

Бiр бала бар, көрсеңдер,
Мақтанғанды жаратыр.
Мақтанғысы келсе егер,
Былай деп ой таратар:
– Сиырлардың iшiнде
Ақылдысы болады.
Қайтса өрiстен кешiнде,
Табады өзi қораны.
Бiздiң сиыр осындай,
Оны кешке көр ендi.
Басқаларға қосылмай,
Үйдi тауып келедi.
Бiз бiреулер тəрiздi


Барлығымыз жабылып
Сиырларын зар iздеп,
Жүргемiз жоқ сабылып...
Ол мұныменен қоймайды,
Шырт түкiрiп тастайды.
Үйiндегi қойларды
Жəне мақтай бастайды.
Күлiп тұрам мен iштен,
Ол бiрақ түк сезбейдi:
«Кешке адаспай өрiстен
Келедi үйге өздерi».
Ендi
Ненi мақтар деп,
Тосып тұрдық тағы да.
Ақылды екен
Байқасақ,
Ит,
Қозысы,
Лағы да.
Сол мақтанған күйiмен
Ешкiмге дес бермейтiн,
Бұл сабазды,
Шынымен,
Үйдiң бетiн көрмейтiн:
«Сабағын ғой ұмытты», –
Деп шешесi күйiне
Қолына алып шыбықты,
Қайтады айдап үйiне.
Мынау қиын сын болды,
Жиылған жұрт
Жым болды.
Сонда,
Ақылды кiм болды,
Ақылсызы кiм болды?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу