31.05.2022
  97


Автор: Ескен Елубаев

ЖҰМАН БIЗДIҢ ЖАСАСЫН!

Күн жайдары жаз едi,
Қайғымыз жоқ басқадай.
Ауыл маңы саз едi,
Ортасында тоспа бар.
Сонда өтедi күнiмiз,
Күнесiмес шашымыз.
Жаман емес күйiмiз,
Көңiлдi əрбiр жазымыз.
Болса-дағы күлкiлi,
Айта алмаймыз жалған бiз.
Бəрiмiз де бұл күнi,
Моншашыл боп алғанбыз.
Апамызға барамыз
Ұрысса да соншама.
Жылап тұрып аламыз,
«Тиын бер» – деп моншаға.


Қайткен күнде тиынды
Алатынын аламыз.
Моншаға емес, жиылып
Тоспа жаққа барамыз.
Ол тиынды моншаға
Жұмсар кiмбiз сонша бiз?
Шомыламыз тоспаға,
Тоспа – бiздiң моншамыз.
Тиыныңа өз еркiң.
Тəттi кəмпит алсаң да,
Ешкiм де жоқ сезетiн,
Кино жаққа барсаң да.
Бiлiп қойып бiр күнi
Бергенше үйi жазасын,
Ойлап тапқан осыны
Жұман бiздiң жасасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу