Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  70


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Түс

Саған деген, күші ме,
Жүрек жыры дегеннің.
Менің тəтті түсіме,
Тəп - тəтті боп сен ендің:
Жанарыңа оралып,
Жаутаң қағып қалдым ба?
Ақ жібекке оранып,
Тұрдың қарсы алдымда.
Езуіңде күн ұйып,
Тұрдың баяу жымиып
Көл - көсір боп құйылып,
Көп қарадың қиылып.
Тұрдың солай биікте,
Тұрды шолпан төбемде.
Қалай ғана сүйікті ең,
Қарағанға төменде?!
Дауысыңа жерік ем,
Əн сап берші бар үнмен..
Гүл ұсына беріп ең,
Сымдай саусақтарыңмен.
Тербеп сол сəт жігердің,
Тасығанда мың жыры.
Оятып - ақ жіберді,
Қоңыраудың сыңғыры!...
...Көк шұғыла бар маңым,
Көктеменің ішінде.
Алғаш рет, арманым,
Көрдім солай түсімде.
Бір сезімге дір етем,
Ой кемесін сындырып.
Аппағым - ай, жүр екен,
Түсіңе сенің кім кіріп?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу