Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  118


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Жайлау түні. Ел ұйқыда таң қысқа

Жайлау түні. Ел ұйқыда таң қысқа,
Жайбарақат тыным алған аң-құс та.
Боз үйдегі тыныштыққа тұншығып,
Екеу жатыр бірін-бірі аңдысқан.
Ұйқы тəтті, төсек қатты, таң қысқа!
Сықыр-сықыр сүйкенген не үйге кеп?
Бара жатыр қыз жүрегін күй бөлеп.
Əне, мыстан аунап түсті күбірлеп:
«Қу қарасан тағы үйкелді-ау, кимелеп»
Терістіктен жел еседі шер үнді,
«Ұмыттың ба келем деген жеріңді.
Өгей шеше шоқ басқандай жеріңді,
Бой жеткен қыз от күрсіне керілді.
Көмескі айды көк жиекке батырып,
Көлеңкелер шөгіп қалды қапырық.
Көпке дейін шəу-шəу етіп ит үріп,
Көпке дейін «Үкі» тұрды шақырып,
Бүгінгі түн қапырық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу