Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  88


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

О, тіршілік

Құлады емен, көгермеген кəрі емен,
Аңсап тұрар,
Əн сап тұрар қара желге тұншығып.
Не көрмеген кəрі емен -
Қурап қалған анау басқа бүр шығып.
Қайда сол шақ: мыңқ етпейтін,
Сең шайып,
Дауыл шайқап, тасқын да кеп ұратын,
Жап-жасыл боп, жапырағын кең жайып,
Жарты əлемге сая болып тұратын.
Өр еңсесі тік тұрған шақ, қайран шақ,
Қыран құста ұшушы еді-ау тамсана.
Саясында мың тіршілік сайран сап,
Бұтағына қонған бұлбұл қаншама?!
Өтті сол шақ, жалғыз-ақ күн «өлді» емен,
Қара жердің түп тамыры түршігіп...
Таңсəріде орнында желменен,
Желкілдейді бір шыбық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу