Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  141


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Саған деген асыл сөзім бар ізгі

Саған деген асыл сөзім бар ізгі,
Жүрегімнен ақтарарым парыз-ды.
Амал қанша, айта алмай келемін,
Қас мылқауға біткен тіл-жақ тəрізді.
Саған барар бір соқпағым бар ізгі,
Таппай жүрмін, кезіп жүрмін əр ізді.
Амал қанша, көрмей келем адасып,
Көр соқырға біткен жанар тəрізді.
Саған сыйлар дала гүлі нəр үзді,
Алып - ұшып көңіліммен бар ізгі.
Ұсынар ем қалтылдайды қайран қол,
Маған емес, масқа біткен тəрізді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу