Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  96


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ана мейірі

Адым жерге құлап жүр,
Аяғын нық баса алмай.
Қуаныштан жылап жүр,
Шашуын да шаша алмай.
Иіскелеп бас, құлақтан,
Сүйіп жатыр бетіңді.
Аңсап келіп бұлақтан,
Жұтып жатқан секілді.
Қайта-қайта құшады,
Қанбайтұғын тəрізді.
Бұл көргені,-түс əлі,
Нанбайтұғын тəрізді.
Бəрін дағы ұмытты,
Мейір неткен күшті еді.
Аймалап жүр жігітті,
Сəбиіндей үштегі.
Сағыныштар жырақ қап,
Көкіректе жыр қызған...
Есіл ұлы:
Сұйық мұртын сылақтап,
Қысылып тұр бір қыздан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу