Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  119


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Хирург Құзыкейге

О, дариға! Жаңа төкті-ау таң арай,
Шат кеудеме алтын нұрын тағар ай.
Оралдың ба, қайран жарық дүние,
Оралдың ба он жыл сөнген жанар-ай.
Жабырқатып жаз көңілімді қыс алып,
Көкірекке шер боп қатып құсалық.
Он жыл бойы зəру болып жарыққа,
Он жыл бойы отырдым-ау тұсалып.
Жалбарыну жарық болып құймады,
Қолынан кеп бір алла да қимады.
Бұл бақытты мынау шаттық заманда,
Құдіретті адам күші сыйлады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу