Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  244


Автор: Марат Нұрқалиев

Арман дәурен

Адамның шек болған ба арманында,
Тағдырдың кім түспеген қармағына.
«Ат қайда Ақбақайдай» деген әннің
Ауылы бізден шалғай қалғаны ма?
Қайырмасы:
Ахахау арман, дүние жалған,
Жас дәурен қалды-ау кейін салған сайран.
Жалыны кеудесіне сыя алмаған,
Қасым да жас дәуренін қия алмаған.
Ғаламның жеті бірдей ғажабына
Тең келмес жиырма бесін қияр ма адам.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу