Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  373


Автор: Марат Нұрқалиев

Сенбісің Қыз Жібегім?

Қалқам, неткен ғажайып көркем едің,
Есімді алып еліктей еркеледің!
Ойың болса басқада – әурелеме,
Жанарыңмен жүректі өртемегін.
Қайырмасы:
Баянбысың, Жібекпісің,
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын.
Құлап түстім
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе,
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!
Ынтықсам да күндіз-түн ажарыңа,
Ілінбей-ақ қойдым-ау назарыңа.
Сонда дағы қайтейін, көніп жүрмін
Махаббаттың азабы, мазағына.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу