Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  302


Автор: Марат Нұрқалиев

Майдангер әке

Әлдеқашан соғыс оты өшкелі,
Әлдеқашан қайғы бұлты көшкелі.
Қанды көйлек достарыңның бейнесі
Сонда дағы жүрегіңнен өшпеді.
Құрбан болды қанша боздақ қыран жас,
Жеңіс күні жаның сенің тыншымас.
Толғанасың күндерді ойлап от кешкен,
Жанарыңда мөлдірейді тамшы жас.
Арқаладың ауыр күндер салмағын,
Қиындықтан қайыспадың, талмадың.
Жеңіс күнін тойлап әр кез бізбенен,
Арамызда жүре берші, ардағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу