Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  78


Автор: Марат Нұрқалиев

Домбыра

Заманалар көшінде көнермеген,
Қорғасындай балқыған қоңыр әуен.
Бұл домбыра – мұрасы бабамыздың,
Қос ішектен күмбірлеп күй өрлеген.
Ел арманын, қуаныш, мұң мен назын
Шертіп өткен Тәттімбет, Құрманғазың.
Бұл домбыра жасырған пернесіне
Табиғаттың сиқырлы сырлы сазын.
Сахараны сыйғызған шанағына,
Аққу үні сыңсыған сағағынан
Беу, домбыра – сырласым, жан серігім,
Сұңқылдашы, сыр тартып баяғыдан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу