Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  111


Автор: Марат Нұрқалиев

Сапарлардан сабылтып сағынышым

Сапарлардан сабылтып
сағынышым
Оралғанда алдымнан
алып ұшып
Сен шығасың, аяулым,
айым менің,
Жанарыңда бір сәуле
шағылысып.
Маған айтар бір құшақ
сырың бардай,
Саған айтар бір ұзақ
жырым бардай,
Асықсақ та, тіс жарып,
тіл қатпаймыз,
Үнсіз күліп, ұғысып
үн шығармай.
Бес ғасырдай болды ма
бес күн сапар,
Бейнең жүрді менімен
бес күн қатар.
Бұл жалғанда ешқандай
құдірет жоқ
Сен деп соққан жүректі
салқындатар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу