Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  117


Автор: Марат Нұрқалиев

Өмірдің екі жағы бар

Жауыздық мүлде болмаса,
Жақсылықты білмес ек,
Аласа деген болмаса,
Биікті көзге ілмес ек.
Қара бояу болмаса,
Ақты айыра білмес ек.
Сезім деген болмаса,
Бақыт іздеп жүрмес ек.
Әсемдік, сәндік болмаса,
Салақтыққа күлмес ек.
Жоқшылық, тарлық болмаса,
Тоқшылықты сезбес ек.
Қарасы бар, ағы бар –
Өмірдің екi жағы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу