30.05.2022
  141


Автор: Марат Нұрқалиев

Екі ит және...

Екі ит
Бip сүйекке таласып,
Бip-бipiнe
Көз аларта қарасып,
Қырындасты.
Тістесіп,
Бipi өліп,
Бipi қалғанша
Ырылдасты.
Бipeyi: – Әй, сен әрі тұр-р! – деді.
Екіншісі
Тек қана «ыр-рр-р!» деді.
Сөйтіп,
Ырылдасып жүріп,
Қырылдасып жүріп,
Айдалаға лағып кeттi.
Ал жілікті
Басқа бip ит қағып кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу