30.05.2022
  86


Автор: Марат Нұрқалиев

«Гога – Гиви»

Гога, Гиви – бір отбасы баласы,
Гога – кіші, Гиви – үлкен ағасы.
Ойнатады Гиви Гога інісін
Оралғанша папасы мен мамасы.
Гога – ерке, сұрамасты сұрайды,
Айтқанына көнбесең тек жылайды.
Кішкентай ғой Гога әлі, сондықтан
Гиви төзіп, бәріне де шыдайды.
Ат бол десе, ат болады шабатын,
Қалайда да іні тілін табатын...
Сен де сондай ағамысың бөпеңе,
Мамаң жоқта ренжітпей бағатын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу