30.05.2022
  79


Автор: Марат Нұрқалиев

«Чемпион апалар»

«Корольдер ойыны» деп шахматты
Кезінде айтқан адам ақымақ-ты.
Грузин шахматының жұлдыздары
Жарыста талайларды қақыратты.
Нона мен Майя*
сынды апаларың
Әлемнің чемпионы аталады.
Олармен тайталаста
Мықты деген
Ағаның кез келгені мат алады!
Сыры мол шаршысы ақ-қара тақта
Оларды қызықтырды бала шақтан.
Ерінбей талаптансаң, сен де солай
Чемпион атанарсың болашақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу