30.05.2022
  74


Автор: Марат Нұрқалиев

Тбилиси

Көркем қала
Керемет Тбилиси,
Көз ала алмас
Келбетін көрген кісі.
Таудың тылсым
Қойнауын қоныстанған,
Алматыға
Ұқсайды көрінісі.
Бауларын көр,
Көгілдір аспанын көр.
Онда да бар
Көк төбе, аспалы жол.
Оны да өзен
Қақ жарып ағып жатыр,
Толқынында
Тулаған тастары мол.
Қысы жұмсақ,
Жазы ыстық келеді екен,
Саф ауасы
Күш-қуат береді екен,
Жылылықты
Грузин «Тбили» дейді,
Тбилиси
Сондықтан – жылы мекен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу