30.05.2022
  470


Автор: Марат Нұрқалиев

Грузин достар

Грузиндер –
Бауырмал, жарқын жандар,
Барған адам
Тамаша салтын аңдар.
Бақыт қонған
Бағында сайрандаған
Онда да көп
Өзіңдей балдырғандар.
Сан дауыспен
Сызылтып ән салады,
Тауын мақтап,
Жүзімін тамсанады.
– Генацвели,
Қымбаттым, қош келдің! – деп,
Айқара ашып
Құшағын қарсы алады.
Бұйра шашы
Ұқсайды бауларына,
Мұрындары
Тартыпты тауларына,
Грузиндер –
Намысқой өжет халық.
Досына – адал,
Ал қатал – жауларына.
– Кураны ешкім
Өте алмас малтып, – дейді.
– Кавказды ешкім
Әкетпес тартып, – дейді.
– Казахетия,
Әрине, тамаша ел,
Скартвели
Бәрінен артық! – дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу