30.05.2022
  150


Автор: Марат Нұрқалиев

Сұрақ

Дүйсенбіде басы ауырып жатты,
Сейсенбіде іші ауырып қатты.
Сәрсенбіде аяғы ақсады,
Бейсенбіде азу тісі қақсады.
Жұма күні жөтел қысып,
Сенбі күні тобығы тайыпты...
Ал жексенбіде құлантаза айықты!..
Сонда оның сырқатын
қалай атау лайықты?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу