Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  305


Автор: Марат Нұрқалиев

Арғы жағын айтпаймын

Алты қырдың астында
Ауыл отыр, шіркін-ай.
Клуб бар еді басында,
Жабулы тұр, шіркін-ай!
Жастар біткен жиылып.
Мас болады, ой, тоба-ай!
Опыр-топыр төбелес
Басталады, сойқан-ай!
Қайырмасы:
– Әй, өкіл-ай!
Біздікі жай көңіл-ай,
Арғы жағын айтпаймын,
Ішің білсін, әлу-ай!
Монтері сол ауылдың
Отыр текке, апырай,
Қараңғыда ойнаймыз
Соқыртеке, апырай!
Кітапхана кітапсыз
Қаңырап тұр, апырай,
Ішінде ешкі-лағымыз
Жамырап тұр, апырай!
Қайырмасы:
– Әй, өкіл-ай,
Біздікі жай көңіл-ай.
Арғы жағын айтпаймын,
Ішің білсін, әлу-ай!
Запас бөлшек ораққа
Табылмаған, апырай,
Жемшөп, пішен қыратта


Шабылмаған, жатыр-ай!
Шағынып ек ауданға
Уәдеге тойдық-ай,
Таусылмайтын амал ма,
Бәрін мүлде қойдық-ай!
Қайырмасы:
– Әй, өкіл-ай!
Біздікі жай көңіл-ай,
Арғы жағын айтпаймын,
Ішің білсін, әлу-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу