30.05.2022
  236


Автор: Ескен Елубаев

ҚАЗАН

Қауын-қарбыз
қазан болып,
Бау-бақшаның түстi ажары.
Қырман басы
Тазаланып,
Тарқап кеттi құс базары.
Бүрсең қағып
жапырақтар,
Көше кезiп көшiп жатыр.
Тыныш қалған
атыраптар.
Аппақ қарды тосып жатыр.


Жер бетiне
суық орнап,
Жиналды бұлт жан-жақтағы.
Балалар жүр
қуып ойнап,
Қарабарақ, қаңбақтарды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу