Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  106


Автор: Марат Нұрқалиев

Сақ болайық!

Сақ болыңдар, ақындар,
Үйге ертерек қайтыңдар.
Трамвайға мінбеңдер,
Такси ұстап тартыңдар.
Дәуітәлі бір куә –
Әйелдер бар сан қилы.
«Фотографияңды» құртуға
Әр бұрыштан аңдиды.
Сондайлардың біреуі
Салды ма екен каратэге,
Дәуітәлі түседі
Әйел көрсе қара терге:
– Кейде жүрсем түнде мен,
Подъездерден ұстайды.
«Біздер жайлы бір өлең
Оқып бер!» – деп қыстайды.
Бірі жайып құшағын
Арбар көзден шашып от,
Сосын кезеп пышағын,
«Давай, – дейді, – кошелек!»
Қаламақы, айлықтан
Қалдырмады-ау залымдар.
Үйге айлықты сондықтан
Телеграфпен салыңдар.
* * *
Сөзінде жоқ кекесін.
Сөйлемейді ол оғаш,
Шынында бір қиғаш қас
Жазым етсе, не етесің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу