Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  86


Автор: Марат Нұрқалиев

Осындай «батыр» бар ма?

Жықпыл ішіп алып,
Жалғызын күнде таяқтайды,
Бұл «концертін»
Таң ата аяқтайды.
Араға түскен әйелін де
Еңіретеді,
Ол байғұс төркініне
Күнде кетеді.
Мұндайға
Пысқыратын Жықпыл ма,
Баланың басына
Мінеді де жатады,
Мінеді де жатады,
Күн де осымен батады,
Таң да осымен атады...
– Әй, иттің баласы!
Маған емес, шешеңе
Тартқансың-ау, шамасы,
Албастыны қарашы! –
Деп өзінше күйіп кетеді,
Әлгі сорлыны
Көк желкеден түйіп кетеді.
Ол бейшара
Не бала емес,
Не шала емес,
Жын да емес,
Дым да емес,
Сандырақтап
Пеш түбінде жатыр...
* * *
Уа, жеңгей,
Сіздің үйде
Бар ма осындай батыр?м




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу