Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  246


Автор: Марат Нұрқалиев

Арақ пен темекінің айтысы

Темекі:
– Ал, Ақа, келіп тұрмын айтысқалы,
Өзіңмен сөз сынасып сайысқалы.
Атағым елге мәлім Темекімін,
Айтысқа шығасың ба, айтшы, кәне?
Арақ:
– Темеке, айдарыңмен жел есесің,
Ақаңмен қалайша сен теңесесің?
Басқанмын талайлардың желікпесін,
Шапқанда шаңыма да ілеспессің!
Темекі:
– Мас қылып талайларды жығып тастап,
Бастым деп мақтанасың желікпесін.
Ішкен жан маскүнем боп жүнжіп кетер,
Ішіңнің айтып тұрсың «ақ» деп несін?
Арақ:
– Сабазым, қалай шалқып мақтанасың,
«Саумын» деп қай ісіңмен ақталасың?
Көксау қып, өкпеге ұрып, тұншықтырып,
Қысқарттың шеккендердің ғұмыр-жасын!
Темекі:
– Жә, Ақа, салғыласып тұрмайық біз,
Жаңағы айтқаныңның бәрі дұрыс!
Зиян қып қайтеміз біз адамдарға
Өздері жүрсе егер тыпа-тыныш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу