Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  96


Автор: Марат Нұрқалиев

Тілшінің «шатпағы»

Бастық кірді де,
Қалпағын бұрышқа атып жіберді.
(Онсыз да басы қатып жүр еді!)
– Анау күнгі тілшісымақ
Немене деп шатып жүр еді?
Кәзитке
Бір құлаш мақала шықты,
Оқып көрсең –
Масқара тіпті!
«Малдан шығын көп,
Шабылмаған шөп,
Құрал-сайман жөнделмеген,
Егістік жер өңделмеген,
Монтай деген бірседатіл
Ешбір көңіл бөлмеген...»
Деп жазбай-ақ қойса не етеді,
Менің басым кетеді.
Тіпті бәрін,
Бәрін де жазыпты!..
* * *
Сонда осыған кім жазықты?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу