Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  115


Автор: Марат Нұрқалиев

Қара есеп

Есеп дейді,
Есеп білмеген есек дейді.
Ең жоғары баға –
«бес» болады,
Ал «беске» білетіндердің
басында,
Бес есекке тиерлік
ес болады.
Сол ес аманда,
Соншама есті сақтайтын
«Мес» аманда,
Есекше есінемей,
Есеп шығарсақ жаман ба?
Екіге екі қосылса –
төрт болады,
Төрт тентек қосылса –
Қып қызыл «өрт» болады,
Бесінші бір байғұс
мерт болады!
Өзіміздің
Бақай бастық болса,
Отыз күн ойын,
Қырық күн тойын
Жасайтын боламыз,
Знәшит, сонша күн бойы
Совхоздың қойын
Бір-бірлеп «асайтын» боламыз.
Итөгө: жетпіс түрлі
Жалған акт жасайтын боламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу