Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  116


Автор: Марат Нұрқалиев

Сабақтың сиқы

Соғылған соң қоңырау
Жұрт сыныпқа жиылды.
Алыс-жұлыс, дабыра,
Күлкілер сап тыйылды.
Алшаңдай басып, есінеп,
Шырпымен шұқып құлағын,
Он минуттай кешігіп,
Әрең келді мұғалім.
Жөндеп ап көзәйнегін,
Ашып қойып журналды,
Күндегідей жайменен
Былайша ол «жырлады»:
– Орақбаев Шалғыбай
Сабақта текке қалғымай,
Біздің үйге барғайсың,
Ұйқыңды ашып, сергіп,
Отынға ағаш жарғайсың!
Мынау қайсы? Есет пе?
Шорқақтаусың есепке,
Одан да сен су тасы
Мініп алып есекке!
Пәленбаев Пәштуан
Ғалым шықпас сен қудан.
Шелек алып қолыңа,
Әдемісі – еден жуған.
Кәне, бәрің бөгелмей
Біздікіне қарай жортыңдар,
Тоқсандықта түгелдей
«Бестік» қоям қорытындыға... –
Деп мұғалім біразын
Жұмысқа жаратып жіберді,
Ал қалғандарына
Тапсырма беріп,
Таратып жіберді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу