Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  117


Автор: Марат Нұрқалиев

Оқитын ұлға өсиет

– Ал, Шөкетай!
Керманский кәстөм-шалбар
алып бердік,
Қалтасына бір сиырдың пұлын
салып бердік.
Бар үмітімді саған артамын,
Ал енді айтарым:
Алматыға ұшып барғасын,
Інстөтіңді тауып алғасын,
«Аман-есен жеттім» деп,
Бір сәлем хат жолдарсың.
Дабай, дұрыстап оқып ал,
Пірәпесірлердің айтқандарын
Миыңа мықтап тоқып ал!
Байқа, қарның ашып,
Жүдеп қап жүрме,
Қыз-келіншек қуалап,
ЖенПИ-дің алдында
Түнеп қап жүрме!
Қаланың қызы дөрекі келеді,
Пәле ғой,
Ертең дікілдеп тұрса!
Сосын, тиын-тебеніңді
Кесектеп емес, есептеп жұмса.
Айналып кетейін,
Бір Алла жолыңды оңғарсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу