Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  126


Автор: Марат Нұрқалиев

Айтпаймын, мал берсең де, өтірікті!

Домбыра екі шекті қолға алайын,
Мадақтап басекеңді толғанайын.
Ардақтым «абайсызда» сойып алған
Былтырғы көкбестідей жорғалайын!
Айтпаймын, мал берсең де, өтірікті,
Курортқа үгіттепті дүйім жұртты.
Бір адам көнбеген соң, амал қайсы,
Қырымға бәйбішесін жіберіпті!
Өтірік өрге баспас, өшер бір күн,
Шындық – бұл айтқаным, құптар жұртым:
«Клубтың қажеті жоқ» дегеннен соң,
Салдырмай құрылысты, үнсіз жүрсің!
«Балалы үй – базарлы үй» деп мақалдаймыз,
Қазақпыз, мақалдауға қақалмаймыз.
– Әр үйдің өз «базары» өздерінде
Тұрсын, – деп, балабақша аша алмайсыз!
Кемшілік іздесең де таптырмайды,
Жалғансыз баяндадым нақты жайды.
Осымен толғауымды аяқтаймын,
Басекем «жағымпаз» деп жақтырмайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу