Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  260


Автор: Марат Нұрқалиев

Жайлау «әні»

Асқақтата салғаным жайлау әні,
Біздің колхоз ежелден мал бағады.
Жастар біткен қалаға қашып жатыр,
Малды еңкейген кемпір мен шал бағады!
Қайырмасы:
Кездескен күн есімде
Мектеп бітіру кешінде,
Ешбірі де көнбей қойды-ау,
Айта берем несіне?!
Балалардан бет қайтты сұрай-сұрай,
Жайлау әні жырланды енді былай:
«Шынымен сен бар болсаң, жолдас құдай,
Кемпір-шалдың ғұмырын ұзақ қылғай!..»
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу