Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  107


Автор: Марат Нұрқалиев

Төрт амал түгел

«Мал баққанға бітеді», – дейсіз.
Ал біз:
«Есебін тапқанға бітеді», – дейміз.
Ол үшін былайша есептейміз
(Амалын тауып,
Артығырақ жесек дейміз!):
– Жылқылы қостардағы
Бие саны – жеті жүз,
Жылдық жоспардағы
Құлын саны – жеті жүз.
Бұларды түгел қосатын болсақ,
Бәрін мемлекет меншігіне
Тосатын болсақ –
қағыламыз.
Неге біз өйтіп
Караптан-қарап қағынамыз?!
Тәк што,
Ақпар бергенде азайтқан жөн,
Табиғи құбылыстарға
«Өкпе-наз» айтқан жөн:
– Жеті жүз биенің
Елу үші қашпаған,
Елуі іш тастаған.
Елу құлын енесінің
Уызына тоймай қойған,
Жетпіс құлынға
Жер жүзінде ем атаулы
Еш қонбай қойған,
Сәпсім оңбай қойған!
Сөйтіп, шығын санын к ө б е й т і п,
Көбікке көміп жазамыз.
Ал жымқырылған жылқыларды
Бөлімше басшылары
б ө л і п аламыз.
Төрт амал түп-түгел,
«Есебің қате», – деші,
көріп аламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу