Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  104


Тұрсынбек Кешубайұлы

Алатаудан аларым бар

Алатау менің сенен аларым бар,
Тамырым тауға тарткан сабағым бар.
Басбармактай бақытым болмаса да,
Тауға еліккен таудайын талабым бар.
Көк тіреген арманшыл асқақтығы,
Рух бер жасытпайтын жасқап түні.
Қорқамын жүрегімнің жасылдығын,
Құртама деп тағдырдың тастақтығы.
Қорған бер қойныңдағы ормандайын,
Халқым сүйер, мен неге толғанбайын.
Сəулесінен сауғама көбірек бер,
Күн күліп, аспанында толғанда айың.
Бер маған қарт шоқыңның даналығын,
Қош десін албырттығым, балалығым.
Бер маған жартасыңның жаңғырығын,
Үзіліп, өлеусіреп барады үнім.
Арманы мен талпынған талабы мың,
Тұлпар болып жетілсін қара құлын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу