Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  166


Нұрғиса Төремуратов

Маңдайында тәңірі

Болмысым – бекзат, білемін,
Айтамын бүкпей жатқа нық.
Күнге қарап күлемін,
Қазақтығыма мақтанып.
Өткен тарих бір елес,
Талай, отта жаныппыз.
Сойқандарға сыр бермес,
Сырттан текті халықпыз.
Өскен елміз салып əн,
Дархан дала иесі.
Қанымызға дарыған
Көк бөрінің киесі.
Үмітті алға жалғадық,
Тек тағдырға жүк артып.
Қыран сынды самғадық,
Құзар шыңға құмартып.
Серігі оның ізгі арман,
Жақсылыққа жаны ұлы.
Таңдайында сөз-маржан,
Маңдайында Тəңірі.
Тасқа салам жыр мүсін,
Ұлтын сүю-ерге сын.
Баянын тапсын тұрмысың,
Бармақтай бақ бергесін.
О, Қазағым, жұлдызың
Күн сөнгенше сөнбесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу