Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  80


Автор: Дина Төлетханқызы

Аяулы ана тілім

Ана тілім, аяулы сөзі жаһұт,
Меңдетті ме мейрімсіз мезі уақыт?
Қазақ болып өмірге келгеннен соң,
Өз тіліңде сөйлеудің өзі бақыт.
Ана тілім самалым маңдайды өпкен,
Ана сөзі мəңгілік қалмайды естен.
Ана тілім анамның ақ сүтіндей
Сусындаған сəтімде таңдай кепкен.
Ана тілім, қайратым, қайнары нəр,
Орақ тілді, от ауыз ойлары бар.
Тілі шешен, сөзі алтын дана халық
Салтым, тілім, байлығым, қаймағы бал.
Ана тілім асылым ар ұжданым
Аялауға қашанда қарыздармын
Мен білемін ең алғаш ана тілмен
Ана сүтін ауызыма тамызғанмын.
Мен қазақтың қызымын мақтан етем,
Сарқылмастай салтымды сақтап өтем.
Бұл əлемде ең қымбат ана болса,
Ана тілім арайлы ақ таң екен.
Ана тілім күн болып күлімдейсің
Қазақ тегі сүйесе сүрінбейсің
Тəңіріме өзіңдей табынамын
Ана тілім аяулым пірім дейсің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу