Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  117


Автор: Қайырбек Кемеңгер

Бабам туралы баллада

Тарих – теңіз, тағдыр – толқын болғанда,
Жеткен емес адам арал-арманга,
Кемеңгердей кемемізді көп соқты
Асау толқын аласапыран жалғанда.
Туып-ескен алтын бесік ұяны,
Тастап қай жан ескі жұртын қияды?
Толқын қуған кеме кетті шалғайға,
Кетті бірге текті жұрттың тұяғы.
Барды бабам не себепті Шұбарға?
Бұл сұраққа берер жауап бір Алла.
Адам білсе, өлер жерін біледі,
Білмес адам қай жер болар туарда.
Жатсынбады Омбы бізді көп бөтен.
Салт сақтаған ата-бабам мықты екен.
Баянаул Атамекен қалғанда,
Омбы болды Қошке атама құт мекен.
Қоныс кылған кəрі Ертістің жағасын
Омбы оқытты талай қазақ баласын.
Магжан, Сəкен, Қошке менен Смағұлдар
Армандады көркейтсем дел Алашын.
Армандады сақтаймыз деп елдігін,
Салт-санасын, жердің дарқан кеңдігін,
«Бірлік» атты ұйым құрып, бірлесіп
Қазағының армандады теңдігін.
Ұлттың қамын ерте ойлатты ол Омбы,
Жазды Мағжан: «Алашым»,– деп өлеңді.
Жазды Қошке «Алтын сақинасы» мен
«Қазақ тарихынан» зерттеу көлемді.
Оқығанға үмітпенен қарады ел,
Жазды Смағұл «Жастарына жаңа жол»,
Жас талпынды барлығы да сезгендей
Ерте қоныс болатынын қара жер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу