Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  127


Автор: Қуат Асылбек

Қазақ симфониясы

Домбыраның дауысы-ай домбыраның,
Көкірегімнен жөңкіліп сол бір ағын..
Күмбірлеп кетті менің жан дүнием.
Күмбірлетіп аспанның арғы жағын .
Түйелі көш,
Тұлпары ғаламат-ты.
Көз жасымды кірпіктен домалатты.
Күмбірлеткен сол көшті... сол дауыспен,
Ғасырды ертіп ғасырға бара жатты.
Осы көрініс тербеткен тартылыстан,
Отыр күйші пернені толқып ұстап.
Көз алдымда айдын көл періштесі.
Көз алдымда аққулар қалқып ұшқан.
Қайран жүрек,
Қасиет неге осындай.
Аспан бұлтты, қабағы тұр ашллмай.
Күйші күйді шертеді тауға қарап,
Дүниенің таба алмас дұғасындай.
Симфония!
Сауғасы жырым оның,
Кеше туып қосылған құлын едім.
Келешектің бəйгесі шақырғандай,
Көш соңынан кісінеп жүгіремін.
Домбыра,
Күй,
Күллі əлем тыңдап барып,
Мұхиттарға теңіздер сырды ақтарып.
Телегейге ғашық ем.. .бала жастан,
Осы көшпен кетейін бірге аттанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу