Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  112


Автор: Шұғайып Ақынұлы

Құстар

Қайтып барад мезгілдің құсы керуен,
Жұбанышым өзің ең жасып қалсам.
Сүйіктім-ау сен мені түсінер ме ең,
Бір адамға шынайы ғашық болсаң.
Мұң шаға алмай шерменде тылсым кеуде,
Бəрі алдамшы қайтейін сезім десең.
Ұйқыңнан да айырылып, күлкіңнен де,
Білер едің оны ойлап көз ілмесең.
Сыршыл жаның, арманың ізгі еді ғой,
Түн баласы қинайсың түсіме еніп.
Қайтқан қаздың ақырғы тізбегіндей,
Кете бардың өзгенің құсы болып.
Өткен күннің азабы маған қалды,
Өкініштен өзегім өртенеді.
Құстардан тек қауырсын қалам қалды,
Гүл көктемнің кетті ұшып еркелері.
Айна көлдің бойынан сəні кетті,
Күзгі соққан ызғарлы желге еріп.
Өмірімнің мен үшін мəні кетті,
Сағым дүние барады дөңгеленіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу