Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  118


Автор: Шұғайып Ақынұлы

Даланың даңқты ұлысың

(Қалдарбек Найманбаевтың рухына)
Осынау даланың ұлдары,
Ерліктен мерейі өсетін.
Жаңғырып даңқты жылдары,
Ғасырлар легімен көшетін.
Рухы қарғалдақ секілді,
Қаңтарда қар асты көктейтін.
Өлімнен зор санап ұятты,
Намысын саудалап кетпейтін.
Ту етіп көтеріп бірлікті,
Жанын сап елдікті қорғаған.
Тек қана сөйлейтін шындықты,
Сатқындық атымен болмаған.
Басынан тайғанда бақ құсы,
Қобыздың мұң шағып зарына.
Көңілін билесе нəпсісі,
Кір жұқпауды ойлайтын арына.
Алладан тілейтін ақ өлім,
Өмірден емес еш түңілген.
Жазылмас заңы бұл даланың,
Ананың сүтімен сіңірген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу