Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  98


Автор: Серік Боқан

Рухпен тілдесу

Алматыда кешқұрым өмір елес...
Құшағына қиялдың көмілер ес.
Қобыз-көңіл жүректі дір еткізіп,
Құндақтауы жанымды тегін емес...
Бір шырағы пəнидің сөніп тынған,
Жанарыма жарық етіп қонып тұрған.
Өтіп кеткен жылдардың ағынымен,
Көз жеткісіз шыңдардан жолықтырам.
Тəтті сөзді ерітіп тіл ұшына,
Жалғыз тұрмын өмірдің уысында...
Уақыттың жоғалтып құпиясын...
Айналдыңыз сіз де аға ұлы шыңға.
Бізді емес, жылаттың қоңыр күзді,
Ерте есейітті Қала аға өмір бізді,
Рухты сөйлетіп көз ұшымда,
Көкжиекке қиялмен көңіл жүзді.
Өксігінен жылдардың аңызынан,
Жанарыммен естимін тамызып əн,
Көбейюде пенделер мендігімен...
Азаюда адамдар аздығынан...
Аспани ілімге өрлеген,
Жапырақ тілінде сөйлеген...
Өлмеуді сендерден үйренсем,
Өлуді өзім-ақ үйренем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу